Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
«Ұлы тұлғалар ізімен» атты квест-ойыны ұйымдастырылды.
10-06-2026 11:18
«Ұлы тұлғалар ізімен» атты квест-ойыны ұйымдастырылды.

«Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары» бірыңғай облыстық күні аясында ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбегін насихаттау, оқушылардың тарихи-танымдық білімдерін кеңейту және ұлттық құндылықтарға құрметін арттыру мақсатында «Ұлы тұлғалар ізімен» атты квест-ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар 5 станса бойынша түрлі тапсырмаларды орындады. «Тұлғаны таны» бөлімінде тарихи тұлғаларды суреттер мен сипаттамалар арқылы анықтаса, «Кім? Қай салада?» тапсырмасында олардың қызмет еткен салаларын сәйкестендірді. «Құпия сандық» стансасында жасырылған деректер арқылы тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғаларды тапты. Сондай-ақ «Қала ескерткіштері» және «Тарихи жәдігер» бөлімдерінде туған өлкенің тарихи мұрасы туралы білімдерін көрсетті.

Квест барысында оқушылар ұйымшылдық, тапқырлық және білімдерін танытып, ұлы тұлғалардың мұрасы туралы маңызды мәліметтермен танысты. Іс-шара танымдық әрі тәрбиелік маңызы жоғары форматта өтті.