«Ізсіз жағалау» экологиялық акциясының қорытындысы шығарылды. Аталған акция Халықаралық су айдындарын тазарту күніне орай ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты - оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған өлкенің су ресурстарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Акцияға қаладағы жалпы білім беретін мектептер қатысып, өзен-көл жағалаулары мен су айдындарының тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Акция жеңімпаздары:
I орын - №14 ЖОББМ (жетекшісі: Айтбай А.Б.);
II орын - №5 ЖОББМ (жетекшілері: Нурабай Д.Ж., Умиров А.К.);
III орын - М. Жүсіп ат. ЖОББМ (жетекшілері: Ахметова Г.О., Аубакирова Р.Н.).
Барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы, табиғатқа деген сүйіспеншілігі және қаламызды таза әрі көрікті етуге қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!
