Жас бағбаншылар құлпынайдың өсуі мен өнімділігіне кремний нанобөлшектерінің әсерін зерттеуде.
Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері өз қолдарымен өсірген құлпынайдан тосап дайындауда. Өнімді өсіру барысында жас бағбаншылар құлпынайдың өсуі мен өнімділігіне кремний нанобөлшектерінің әсерін зерттеп, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижелері кремний нанобөлшектері өсімдіктің өсуі мен дамуына оң әсерін көрсетіп, құлпынайдың өнімділігі мен сапасының жақсарғанын байқатты.
