Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Балалар мен жастар арасында кросс дисциплиналары бойынша ашық қалалық жарыс өтті.
23-06-2026 11:43
Балалар мен жастар арасында кросс дисциплиналары бойынша ашық қалалық жарыс өтті.

Балалар мен жастар арасында кросс дисциплиналары бойынша ашық қалалық жарыс өтті.

Екі күн бойы төрт жас санатындағы спортшылар жүлделі орындар үшін тартысты додада төзімділіктерін, жылдамдықтарын және нағыз спорттық мінездерін көрсетті.

Жарыстың алғашқы күнінде қатысушылар ұзындығы 3 шақырым болатын спринтерлік қашықтықты еңсерсе, екінші күні кросс-жарыста өзара мықтыны анықтады. Әрбір старт спортшылар үшін үлкен сынаққа айналып, мұнда тек физикалық дайындық қана емес, мәреге дейін күшті дұрыс бөле білу де маңызды болды.

Жарысқа Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері де қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, жетістіктер қоржынына жаңа марапаттар қосты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:

Дарья Виткова — I орын (2010 ж.т. және одан үлкен қыздар)
Милана Колесникова — I орын (2013–2015 ж.т. қыздар)

Яромила Кузина — II орын (2016 ж.т. және одан кіші қыздар)
Добромир Кузин — II орын (2013–2015 ж.т. ұлдар)
Лучезара Кузина — II орын (2011–2012 ж.т. қыздар)
Максим Колесников — II орын (2011–2012 ж.т. ұлдар)
Артем Бриж — II орын (2010 ж.т. және одан үлкен ұлдар)

Богдан Войцеховский — III орын (2010 ж.т. және одан үлкен ұлдар)

Тәрбиеленушілерімізді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Әрбір медаль – табанды жаттығудың, қажырлы еңбектің және алға ұмтылыстың нәтижесі. Алдағы уақытта жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете беріңіздер!