«Оқуға құштар мектеп» жалпыұлттық тұжырымдамасын іске асыру
"ЕСО ҰРПАҚ" кешенді жазғы жобасы аясында «Оқуға құштар мектеп» жалпыұлттық тұжырымдамасын іске асыру мақсатында үзіліс уақытында «Ағаштар саясында оқу» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға №11 және №33 жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары қатысты. Табиғат аясында оқушылар өңіріміздің экологиялық ерекшеліктері, табиғатты қорғау және туған өлкенің биоалуантүрлілігі туралы кітаптармен танысып, мазмұнын талқылады. Мұндай шаралар оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып қана қоймай, экологиялық мәдениеті мен туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
