Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Бүгін Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығына «Ирбис» телеарнасының түсірілім тобы арнайы келді.
01-07-2026 11:51

Тілшілер назарына Орталық тәрбиеленушілерінің Сібір шыршасын өсіру жобасы ұсынылды. Оқушылар көшеттерді қалай күтіп-баптайтындарын көрсетіп, олардың жақсы өсуі үшін топырақты қышқылдандырудың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ жас ағаштарды одан әрі өсіріп, кейін табиғи ортаға отырғызу жоспарларымен бөлісті.
Осындай жобалар балалардың табиғатты тәжірибе арқылы танып-білуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Бұл – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасының негізгі мақсаттарының бірі.
«Ирбис» телеарнасына Орталығымыздың жұмысына қызығушылық танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!