«ECO ҰРПАҚ» кешенді жазғы жобасы аясындағы «Weekend HOLIDAY: бірге отбасымен» демалыс күнгі лагерінің шеңберінде Экология және туризм орталығы «LEADER CAMP 2026: экология, туризм, өлкетану» көшпелі лагерінің қатысушыларын жылы қарсы алды.
Қонақтар үшін мазмұнды әрі танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. «Жас эколог» музейіне, экологиялық-ботаникалық кешенге және жылыжайға жасалған экскурсиялар қатысушыларға жарқын әсер сыйлап, өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Бұл саяхат ешкімді бейжай қалдырмады.
Сондай-ақ туристік-жаттығу соқпағымен танысу да ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар туристік дайындықтың ерекшеліктері, маршрут кезеңдері және қажетті құрал-жабдықтар туралы мағлұмат алды. Ал жасанды құзға өрмелеу алаңы қатысушылардың қызығушылығын оятып, туризмнің адамның күш-қайратын, төзімділігін, өзіне деген сенімділігін және биік мақсаттарға ұмтылысын дамытудағы мүмкіндіктерін айқын көрсетті.
Кездесу жылы жүздесу, жаңа таным мен жарқын әсерге толы атмосферада өтіп, қатысушылардың жадында жағымды естелік болып қалды.
