Біздің Орталығымызға Павлодар қаласының әкімі Хасар Айтпекұлы Хабылбеков жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында қала әкімі орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, тәрбиеленушілермен жүздесті. Құзға өрмелеумен айналысатын жас спортшылардың жетістіктерін жоғары бағалап, заманауи құрал-жабдықтар сатып алып, оларды қысқа мерзімде орнатуды тапсырды.
Сондай-ақ жас экологтардың гүл өсіру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстарымен танысып, олардың тәжірибесін қаладағы жасыл желекті күтіп-ұстау ісінде қолдану мүмкіндігін зерделеуді тапсырды. Келесі жылдан бастап орталық тәрбиеленушілері өсірген гүлдердің бір бөлігін Павлодар қаласының гүлзарларын көріктендіруге пайдалану жоспарлануда.
