Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Қарқаралы қаласында өткен «QARQARALY–2026» спорттық бағдарлау жарысында жарқын жеңістерге қол жеткізді.
22-07-2026 16:06
Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Қарқаралы қаласында өткен «QARQARALY–2026» спорттық бағдарлау жарысында жарқын жеңістерге қол жеткізді.

Спорттық бағдарлау – тек жылдамдық пен төзімділікті ғана емес, сонымен қатар дәлдік, тапқырлық және санаулы сәтте шешім қабылдай білуді талап ететін ерекше спорт түрі. Еліміздің үздік спортшылары бас қосқан байрақты бәсекеде павлодарлық жас өрендер өздерінің жоғары дайындықтарын, қайсарлықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Жас спортшыларымыз қажырлы еңбек пен табандылықтың әрдайым биік белестерге жетелейтінін дәлелдеп, өңір намысын абыроймен қорғады.

Жарыс қорытындысы:

Жалпы есеп:

* Дарья Виткова – I орын
* Милана Колесникова – I орын
* Анастасия Комлева – II орын

Спринт:
* Милана Колесникова – I орын
* Дарья Виткова – III орын
* Михаил Лоскутников – III орын

Орта қашықтық:

* Дарья Виткова – I орын
* Милана Колесникова – II орын
* Колева – III орын

Эстафета:

* Дарья Виткова – II орын
* Милана Колесникова – II орын

Павлодарлық жас спортшылардың бұл жетістігі – табанды еңбектің, жүйелі дайындықтың және жаттықтырушылардың кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі.

Жеңімпаздарымыз бен олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алда алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз мол болсын!