Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Жоңғар Алатауы аумағында күрделілігі I санатты спорттық тау жорығы
17-08-2026 12:21
Жоңғар Алатауы аумағында күрделілігі I санатты спорттық тау жорығы

2026 жылғы 6–14 тамыз аралығында БЖЭТО тәрбиеленушілерінен құралған топ Жетісу облысындағы Жоңғар Алатауы аумағында күрделілігі I санатты спорттық тау жорығын өткізді.

Жорыққа 15 адам қатысты. 7 күндік жорық барысында топ таулы жерлермен 120 шақырымнан астам жол жүріп, «Солтүстік Сүйік-Төбе» (3227 м) және «Эдельвейс» (3570 м) асуларынан өтті. Сондай-ақ Қора өзені арқылы арқанды өткелден өтті.

Жорық тәрбиеленушілер үшін өздерінің дене дайындығы мен төзімділігін сынауға, туристік бағыттағы практикалық тәжірибе мен дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ командалық жұмыс қабілетін шыңдауға мүмкіндік берді.