Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен экологиялық-биологиялық және туристік-өлкетану бағыттарындағы қосымша білім беру педагогтарының облыстық секциялық отырысы өтті.
26-08-2026 13:15
Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен экологиялық-биологиялық және туристік-өлкетану бағыттарындағы қосымша білім беру педагогтарының облыстық секциялық отырысы өтті.

Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен экологиялық-биологиялық және туристік-өлкетану бағыттарындағы қосымша білім беру педагогтарының облыстық секциялық отырысы өтті. Секциялық отырыс шеңберінде білім алушылардың экологиялық мәдениетін дамытуға, физикалық қасиеттерін қалыптастыруға және туристік-өлкетану жұмыстарын жетілдіруге бағытталған білім беру қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері мен заманауи тәжірибелері қарастырылды.
Секциялық отырыс жұмысына қатысты:
Экология және туризм орталығының басшысы Жанна Каиргельдиновна Темирова экологиялық білім берудің заманауи тәжірибелерін іске асыру туралы тәжірибе ұсынды. Баяндаманың тақырыбы: «Экологиялық білім берудің заманауи тәжірибелері: жобадан өмірлік құндылықтарға».
Рустам Айтанович Кенжин білім алушылардың физикалық қасиеттерін қалыптастыру құралы ретінде білім үдерісінде спорттық туризмді қолдану мәселелерін атап өтті. Баяндаманың тақырыбы: «Қозғалыс, еңсеру, даму: спорттық туризм физикалық қасиеттерді қалыптастыру құралы ретінде».

Қапашев Ахметуали Рашитович облыстық «Жасыл желек» байқауының қорытындыларын таныстырып, қатысушыларға мектеп аумақтарын көгалдандыру және абаттандырудың заманауи тәсілдерімен бөлісті. Іс-шараның маңыздылығын арттырған ерекше сәт – байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі болды. Оларға белсенді қатысқаны, шығармашылық көзқарасы және жайлы әрі экологиялық қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін лайықты марапаттар табысталды.