Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
10–12 қыркүйек күндер аралығында Жасыбай көлі аумағында Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Алтын күз – 2026» туризм бойынша Павлодар облысының ашық чемпионаты өтті.
14-09-2026 13:25
10–12 қыркүйек күндер аралығында Жасыбай көлі аумағында Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Алтын күз – 2026» туризм бойынша Павлодар облысының ашық чемпионаты өтті.

10–12 қыркүйек күндер аралығында Жасыбай көлі аумағында Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Алтын күз – 2026» туризм бойынша Павлодар облысының ашық чемпионаты өтті. Жарыс «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Қатысушылар туристік кедергілер жолағы, су дистанциясы, туристік эстафета және кросс-жорық бойынша сынға түсті.
Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Павлодар қаласының намысын лайықты қорғап, түрлі жас санаттарында жүлделі орындарға ие болды.
«Искра» командасы спорттық лигадағы ұлдар арасында және «В» сыныбының мектеп лигасында жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанып, «С» сыныбында 3-орынды иеленді.
«Павлодар» және «Павлодар-1» командалары да жоғары нәтижелер көрсетті. Спорттық лигадағы юниорлар арасында «Павлодар» командасы туристік эстафетада, кедергілер жолағында және жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленсе, «Павлодар-1» командасы осы сайыстардың барлығында 2-орынға ие болды.