Павлодар қаласының «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» базасында «Білім беру кеңістігіндегі музейлік-өлкетану қызметі: дәстүрлер, инновациялар және тиімді тәжірибелер» тақырыбында аймақтық оқу-тәжірибелік семинары өтті.
Семинарға Павлодар облысы мен Павлодар қаласының білім беру ұйымдарындағы мектеп музейлерінің жетекшілері, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар, тарих және география пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында мектеп музейлерінің тәрбиелік және танымдық рөлі, музейлік-өлкетану жұмысында жасанды интеллектті қолдану, «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру және оқушылардың зерттеу қызметін дамыту мәселелері талқыланды.
Қатысушылар БЖЭТО қызметімен танысып, жас экскурсия жүргізушілерінің қатысуымен экскурсиялық променадына қатысты. Тәжірибелік бөлімде «МУЗЕЙтану» бағытында тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
Семинар соңында қорытынды жасалып, баяндамашыларға сертификаттар табысталды.
