Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Павлодар қаласындағы Балалар отбасылық үлгідегі ауылдың аумағында республикалық «ЭКО-СТАРТ 2026» экочелленджі аясында экологиялық акция өтті.
02-10-2026 13:41

Акцияны «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК мен «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ бірлесіп ұйымдастырды.
Экологиялық акцияға Экология және туризм орталығының педагогтері мен тәрбиеленушілері, №14 және №30 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, сондай-ақ Балалар отбасылық үлгідегі ауылдың тәрбиеленушілері қатысты.
Қатысушылар аумақты тазарту жұмыстарына белсене атсалысып, айналаны қоқыстан тазартты, жасыл желектерді ретке келтірді, гүлдер, ағаштар мен бұталар отырғызды.
Бірге біз таза, жасыл әрі көрікті Павлодарға тағы бір қадам жасадық!
ЖИНА → СҰРЫПТА → КӨГАЛДАНДЫР!
«ЭКО-СТАРТ 2026» республикалық экочелленджін Ақмола облысы Қима ауылының Жас туристер станциясынан қабылдап, эстафетаны Талғар қаласының Жас натуралистер станциясына жолдаймыз!