Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
2026 жылғы 5–9 қараша аралығында Семей қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм нұсқаушылары А. Зозуля мен И. Кравцовты еске алуға арналған кубок үшін жабық ғимараттардағы спорттық туризмнен Абай облысының VII ашық чемпионаты өтті.
09-11-2026 17:30

Жарысқа Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының командалары қатысты.
Павлодар облысының намысын «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК-нің «СЮТур» балалар аула клубына қарасты «Искра» туристік клубының спортшылары қорғады.
Жас туристер жоғары дайындық пен шеберлік танытып, бірнеше жүлделі орынға ие болды.
2014–2015 жылы туған жасөспірімдер санатында:
Жеке қашықтықта Зайковская Злата мен Фёдоров Матвей – II орын, Чадова Дарья – III орын;
Жеке-командалық қашықтықта – I орын;
Жұптық қашықтықта – II командалық орын;
Жұптық есепте Зайковская Злата мен Чадова Дарья – II орын.
Жалпыкомандалық есепте – I орын!
«Искра» командасының екінші құрамы:
Жеке қашықтықта Виниченко Влад – III орын;
Жеке-командалық қашықтықта – III орын.
Жасөспірімдер санатында:
Жеке қашықтықта Зайковская Яна – I орын, Звонковская Елизавета – II орын;
Жеке-командалық қашықтықта – II орын;
Жұптық қашықтықта – I командалық орын;
Жұптық есепте Зайковская Яна мен Звонковская Елизавета – I орын, Ткалич Екатерина мен Сургутанова Тайра – III орын.
Жалпыкомандалық есепте – I орын!
Осылайша, павлодарлық туристер чемпионатта екі жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алып, жоғары спорттық дайындықтарын дәлелдеді.
Жас спортшыларды және олардың жетекшісі Кенжин Рустам Айтановичті жетістіктерімен құттықтаймыз!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алдағы жарыстарда сәттілік, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!