«Тарих іздерімен» облыстық экскурсиялар жобалары конкурсының «Өлкетану маршруттары» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды!
Екі күнге созылған байқау барысында қатысушылар туған өлкенің бай тарихын, тарихи-мәдени мұрасын, киелі орындары мен археологиялық ескерткіштерін таныстыратын тың экскурсиялық жобаларын ұсынды.
Әрбір жоба – ізденіс пен зерттеудің, туған жерге деген сүйіспеншілік пен тарихқа деген құрметтің көрінісі. Жас өлкетанушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын, тың идеялары мен шығармашылық ізденістерін ортаға салып, туған өлкенің тарихын танытуға және тарихи мұраны дәріптеуге өз үлестерін қосты.
