2014 жылғы 28-29 сәуір күндері аралығында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Табиғат білгірлері» турнирі өткізілді.
Турнирдің өткізу мақсаты экологиялық білімдерді тарату, балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық құзыреттілікті дамыту болды.
Конкурстық бағдарлама 5 бөлімнен тұрды:
1.Құраманы ұсыну: атауы, таңбасы, ұраны.
2.Экспресс-сауал алу.Биология, зоология және экология бойынша өз білімдерін көрсете білу мүмкіндігі.
3.Қателікті тауып ал. Мәтін мазмұнында шындық және сипаттау арасындағы сәйкессіздікті тауып алу.
4.Капитандар сайысы.
5.Үй тапсырмасы. «Дәмдінің бәрі пайдалы емес» тақырыбына ғылыми-қиялды жобаларды қорғау.
Турнир мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.
Құрамалардың орындаулары әзіл-оспақты және өзгеше болды (экоертегілер, шағын спектакльдері, т.б.). Ең қызықтысы үй тапсырмасын қорғау болды.
Турнирге № 6,9,14,16,17,22,25, 34,39,40,43жалпы орта білім беру мектептерінің құрамалары қатысты, 5-7 сынып оқушылары. Қатысушылардың жалпы саны 80 астам адам құрады. Барша құрамалар грамоталар және бағалы жүлделерімен, ал құрама жетекшілері алғыс хаттарымен марапатталды.
Турниржүлдегерлері:
№ | Мектеп | Ұпайы | Орын |
| орыс оқыту тілінде | ||
1 | №17 | 36,8 | 1 |
2 | №34 | 34,4 | 2 |
3 | №14 | 34,3 | 2 |
4 | №9 | 31,3 | 3 |
5 | №39 | 30,6 | 3 |
6 | №40 | 29,3 | 3 |
7 | №16 | 27 | белсенді қатысу |
8 | №43 | 25,4 | белсенді қатысу |
9 | №6 | 24,5 | белсенді қатысу |
| мемлекеттік оқыту тілінде | ||
1 | №25 | 83,2 | 1 |
2 | №39 | 76,8 | 2 |
3 | №22 | 72,9 | 3 |