Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Экология» бөлімінің «Құпиялы және танымал әлем» жобасы көлемінде орта буын оқушыларына арналған «Гүлдер әлемі» зияткерлік-танымдық ойыны өткізілді. Мақсаты - балалардың гүл-сәндік өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту болды. Карточкалар бойынша тапсырмаларды орындау барысында оқушылар зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін, әрленушілер рөлінде қиялы мен шеберлігін көрсете білді. Шараның қызықты және танымдық маңызы зор болды.
