Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК негізінде 2017 жылғы 28 сәуір күні «Мектеп жанындағы ОТУ негізінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында аймақтық семинары өткізілді.
Семинар жұмысы барысында БЖЭТО бөлім меңгерушілері Б.Текенова, С.Боровикина, Е.Бабенко мектеп жанындағы тәжірибелік учаскесі, балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдарының аумақтары негізінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша нұсқаулар беріп, тәжірибелік және әдістемелік көмегін көрсетті.
Семинарды өткізу бағдарламасы келесі мәселелердің қарастырылуын қамтыды:
- «Тәжірибелік - зерттеу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі»;
- «Жазғы уақытта мектеп жанындағы ОТУ негізінде жұмысты ұйымдастыру»;
- «Тәжірибелік қызметі барысында сәндік гүл өсірудің әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілуі»;
- «Жеміс-жидек дақылдарының аудандастырылған сұрыптары және олардың көбеюі», «Ағаш-бұта өсімдіктерінің көбеюі», «Ландшафты әрленімде сәндік-қолданбалы элементтерінің қолданылуы» шеберлік сыныптарын өткізу.
Қатысушылар семинардың жоғары әдістемелік дәрежеде өткізілуі туралы пікірін білдірді.
«Мектеп жанындағы ОТУ негізінде тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар» аймақтық семинарының өткізілуі туралы