Жазғы көшпелі «Көшбасшы туристер, экологтар, өлкетанушылар лагерін» өткізу туралы
ЕСЕП
2017 жылғы 15-19 маусым күндері аралығында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтырылуы мен қамтылуын қамтамасыз етуі үшін тиімді жағдайлар жасау мақсатында Павлодар қ. білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған «Көшбасшы туристер, экологтар, өлкетанушылар» лагерінің жұмысы ұйымдастырылды. Осы лагерді өткізудің міндеттері:
- жалпыадамзаттық құндылықтарына сәйкес тұрақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
- экологиялық және туристік-өлкетану қызметінің құралдары арқылы көшбасшылық қасиеттері мен әлеуметтік белсенділікті дамыту;
- экологиялық және туристік-өлкетану іс-шараларын ұйымдастыру, өткізу;
- салауатты өмір салты құлықдағдысын дамыту болды.
Лагер ұйымдастырушылары «Павлодар қ. білім беру бөлімі» ММ, «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК, лагерді қабылдаушы Павлодар облысы үздік демалыс аумақтарының бірі - «Алтын Баян» ДА болды.
Лагерге 150 адам қатысты.
Лагер бағдарламасы келесі іс-шаралардың өткізілуін қамтыды:
«Экология» бағытында: «Таза үй-таза ғаламшар» экологиялық акциясы; «Көшбасшы - 2017» экологиялық квесті;
«Туризм» бағытында: «Көшбасшы - турист» тарамдалған шығуы - «Қоныр Әулие» үңгірі, «Кемпіртас», «Найзатас» таулары, туристік-өлкетану квесті, «Жылдамырақ. Биігірек. Күштірек» Кіші Олимпия ойындары; «Керемет отырыс» бард әні кеші, шеберлік сыныптары мен тәжірибелер.
«Өлкетану» бағытында: «Берендей паишалығы», «Мыстандар шатқалы», «Шың суреттерінің құпиялары» экскурсиялары мен тарамдалған шығулар; «Карта нүктесі - Павлодар облысы», «Бірлік және келісім мерекесі», «Туған өлкенің жас білгірлері» зияткерлік-танымдық ойындары, «Жасақ жылнамасын» қорғау.
«Көшбасшылар мектебі» бағытында қызықты тренингтері мен ойындар.
Лагер жұмысының бағдарламасы әрбір қатысушының дербес басқарушылық әлеуетін көрсетіп, өздік дарындылығы мен ұйымдастырушылық қабілеттері және күнделікті тіршіліктегі сұрақтарды шешуде белсенділігі мен жауапкершілігін дамытуға мүмкіндік берді.