«Менің Отаным - Қазақстан» туристік - өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слетіне қатысу туралы
2017 жылғы 23-24 маусым күндері аралығында Павлодар облысының құрамасы қатарында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «СЮТур» балалар аула клубы «Вершина», «Пирамида» бірлестіктерінің шәкірттері, жетекшілері И.В. Ридзаускене, С.Н. Агалаков, «Менің Отаным - Қазақстан» туристік - өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слетіне қатысып келді.
Слет бағдарламасының мазмұны өлкетану және тәжірибелік бөлімдерін қамтыды. Слет барысына қатысу қорытындылары бойынша Павлодар облысының құрамасы «Туристік-бақылау маршруты» аталымында - 2 орын, «Қараторғай үйшігі» акциясында - 3 орын иеленді.
Жалпы он алты қатысушы құрамалары арасында Павлодар облысы жалпықұрамалық төртінші орын иеленді.
Жас өлкетанушы туристерімізді құттықтаймыз!