Достижения
2017 жылғы 7-8 тамыз күндері аралығында ҚР Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білім берудің үлесі» ҚР білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесі аясында «Қосымша білім беру саласын жаңғырту арқылы білім алушылардың қоғамдық санасын қалыптастыру» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің секциясын Алматы қаласы Оқушылар сарайының негізінде ұйымдастырып өткізді.
Секция жұмысының қорытындылары бойынша Орталық басшысы Л.А. Вольф Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
БЖЭТО ұжымы Людмила Александровнаны лайықты марапатымен құттықтайды!