Туған өлке соқпақтары
БЖЭТО жас туристерінің құрамасы «Менің Отаным - Қазақстан» республикалқ экспедициясы «туған жер» бағдарламасының көлемінде «Менің қалам Алматы» халықаралық балалар туристік экспедициясына қатысып келді.
Экспедиция 2017 жылғы 25 шілде - 7 тамыз күндері аралығында Алматы қаласы аумағы және Іле Алатау тау бөктерінде қатысушы құрамалардың ізденіс тапсырмалары (жобалар) орындауымен қоса санатты туристік жорықтарды өту үлгісінде өткізілді.
Орталық құрамасы 9 қатысушыдан құрылды, жетекшілері - Сергей Николаевич Агалаков және Ирина Валерьевна Ридзаускене болды.
29 шілде - 4 тамыз күндері аралығында құрама І күрделілік санатты туристік маршрутынан өтті. Жорықтың мағыналық идеясы – маршрут бойынша қозғалыс техникасын өңдеу, кедергілерден өту, дала шартында тұрмыс пен тамақтануды ұйымдастыру дағдыларын бекіту және жорық қатысушыларының туристік мүмкіндіктерін арттыруды қамтыды.
Жорық туралы есеп «Жүздеген жол – біреуі сендік» қабырға газетінде ұсынылып, 1 орынды иеленді.
Маршрутты табысты өткені үшін қатысушыларға тиісті сертификат, жасаған саяхаты туралы анықтамалар берілді.
Кешкі уақытта от жанында туристік әнінің байқауы өткізіліп, БЖЭТО құрамасы «Туристер ұранын» орындағаны үшін 1 орынды иеленді.
Жорық қатысушылары туристік білім, білік-дағдыларын жетілдіруде жаңа тәжірибені меңгере білді. Туристік жорық - тіршіліктің шағын мектебі, жас туристердің өздігінен жетілуінің жаңа мүмкіндіктері болып табылды.