«Тіл-ұлы байлық…»
25 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы көлемінде Бұқар жырау атындағы мұражайы негізінде «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК 40 оқушыдан астамы Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің Күніне арналған «Тіл-ұлы байлық…» тақырыптық кешіне белсене қатысты.
Қатысушылар шара барысында орындалған қазақ музыкасы және ән айтудың ғажайып әлеміне шомды. Мемлекеттік тілде өз білім, білік-дағдыларын көрсетіп, Павлодар облысының мәдени орталықтары туралы мағлұмат алды. Кеш мұражай бойынша экскурсиямен тәмамдалды.