Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңі
21-04-2018 20:34
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңі

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңі

     2018 жылғы 20 сәуір күні Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңі өтті. Облыстық слетке Павлодар қаласы «СЮТур» БАК-ң «Вертикаль» (жетекшісі О.В.Дьяченко) және «Вершина» (жетекшісі С.Н. Агалаков) тәрбиеленушілерінің құрама командасы, Ақсу қаласы «Экстрим» және Ертіс ауданының «Сто процентов» командалары қатысты. Слетке қатысушылардың жалпы саны – 50 оқушы.
     Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
Слет келесі блоктар мен номинациялар бойынша өткізілді.
      Слет «Команданың визит карточкасы» байқауымен ашылды. Бұл байқауда Павлодар қаласының командасы өздерінің шығармашылық қабілеттерімен ерекшеленді.
       I. Өлкетану блогы екі кезеңнен тұрды: «Туған өлке соқпақтары» номинациясы бойынша іздеу-зерттеу жұмысы жобасының презентациясын қорғау және практикаға бағдарланған кезеңде қатысушылар жергілікті жерде тапсырманы орындады. Өлкетану блогының қорытындысы бойынша 1 орынды Павлодар командасы, 2 орынды Ақсу командасы және 3 орынды Ертіс ауданы командасы иеленді.
      II. Экологиялық блок екі кезеңнен құрылды: «Экологиялық есеп беру» - облыста жүргізілген экологиялық экспедицияның презентациясы және экологиялық соқпақ қатысушылар жергілікті жердің ұсынылған бағдарының соқпағын өте отырып, экологиялық картаны құрып, оны плакатқа сызып, шартты белгілермен рәсімдеді. Экологиялық блогының қорытындысы бойынша 1 орынды Павлодар командасы, 2 орынды Ертіс ауданы командасы және 3 орынды Ақсу командасы иеленді.
    III. Туристік блок «Біріктірілген туризм» кезеңінен тұрды. Қатысушылар «Кедергілер алабы» қашықтығын өтті. «Кедергілер алабы» қашықтығына туристік техника және тактика, бағдарлау, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, жартасқа шығу және құтқару жұмысының элементтері енді. Туристік блоктың жеңімпаздары Павлодар командасы атанып, 2 орынды орынды Ертіс ауданы командасы және 3 орынды Ақсу командасы иеленді.
   «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Павлодар командасы абсолютті чемпион атанды, 2 орынды Ертіс ауданының командасы, 3 орынды Ақсу командасы иеленді. «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!