Жаяу туризмі техникасы бойынша жарыс
3 маусым күні жаздың бірінші жексенбісінде Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ-мен бірлесіп Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған жаяу туризмі техникасы бойынша жарыс өткізді. Жоғарғы төрешілер құрамына Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының ұстаздары мен «Вертикаль» клубының тәрбиеленушілері енді.
3 жас топтары «12 жасқа дейін», «13-14 жастағы спортшылар» және «15-18 жас» үшін өткен жарысқа қаланың барлық туристік клубтары: «Усольский меридиан», «Пирамида», «Вертикаль», «Вершина», және «СЮТур» құрамасы қатысты. Құрама 4 адамнан тұрды, олардың ішінде міндетті түрде 1 қыз болуы тиіс. Барлығы 100-ден астам қатысушы қатысты.
Қашықтықты орындаушылар спортшыларға жорықта кездесетін кедергілерді өткеруін ұсынды: өздері жасаған өзен арқылы өтетін аспалы өткелді өту, жыра арқылы бөрене төсеу, зембілдерді буу және жәбірленушіні дұрыс тасымалдау, беткейлерге шығып, түсу, арқанмен «тілшік» көмегімен шатқалды еңсеру және т.б. Жарысқа қатысушылар кедергілерді жақсы өткеріп, жағымды эмоцияларға ие болды.
Жеңімпаздарды атап өтсек: «12 жасқа дейінгі» тобында -1 орынды «Вертикаль» клубы, жетекшісі О.В. Дьяченко иеленді.
«13-14 жастағы спортшылар» тобында – 1 орынды «Усольский меридиан» клубы, жетекшісі И.В. Ридзаускене, 3 орынды «Вертикаль» клубы, жетекшісі О.В. Дьяченко иеленді.
Ересектер тобында – 1 орынды «Пирамида» клубы, жетекшісі В.Ю. Ридзаускас, 2 орынды «СЮТур» құрамасы, жетекшісі С.Н. Агалаков, 3 орынды «Вертикаль» клубы, жетекшісі О.В. Дьяченко иеленді
Жарыстың жеңімпаздары дипломдар мен медалдармен марапатталды.
Барлық төрешілер құрамасы атынан және команда жетекшісі ретінде спортшыларды өткен мерекемен құттықтаймын! Алдымыздағы көптен күткен жазда, жарыстар, ойындар мен іс-шаралар көп болады деген ойдамын!