Орталықтың жас экологтардың жетістіктері
3 және 5 маусым күндері экология Жылын тойлау аясында, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының «ЭКОМ» ҚБ-мен бірлесіп, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арнап, өткізген қалалық іс-шараларға Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері белсенді қатысты.
«Қоқыс жәшігінен шыққан жаңалық» экологиялық қолөнер байқауында «Родная природа» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі Коновалова Вика (жетекшісі Н.Н. Губарь), «Ауылдағы жаз» атты шығармашылық жұмысы үшін, «Үздік сюжетті композиция» номинациясы бойынша диплом және естелік сыйлықпен марапатталды.
«Экослед» экологиялық квестінде орталық құрамасы 3 орынды жеңіп алып, скауттық лагерге жолдамаларымен марапатталды.
Жас экологтарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!