Іле Алатауы аумағы бойынша санатты жорығы
15 - 26 тамыз күндері аралығында БЖЭТО «СЮТур» БАК «Вертикаль» клубының тәрбиеленушілері тәжірибелі турист-нұсқаушы С. В. Кремердің жетекшілігімен Солтүстік Тянь-Шань аумағы Іле Алатауы бойынша санатты жорығын іске асырды.
Жорық мақсаты таулы жерде орналасудың білік-дағдыларын өңдеу және шеберлікті арттыру болды. Жорық барысына 13 адам қатысты.
Жорық маршруты және ауа райының шарттары осындай дәрежелі жорықтың барлық қиындықтарын басынан кешуге мүмкіндік берді: сусыма морена бойынша көтерілу, күрделі түсу, таңғы қар, дюлфердің ұйымдастырылуымен шөпті тау бөктері бойынша қозғалыс.
Сонымен қатар, экспедиция бағдарламасы көлемінде ең тәжірибелі және төзімді қатысушылары Тұйық су мұздығы мен Жастар шыңына шығуларды жүзеге асырды.
Жағымсыз ауа райына қарамастан құраманың ұйымдастығы, көтеріңкі көңіл-күй және жетекшінің тәжірибесі жорықты естен кетпестей етті. Жорықтың қорытындылары бойынша қатысушыларға кезекті спорттық разряды беріледі.
Келешекте біздің туристерімізге тегіс соқпақтар, жеңіл асулар, достардың қолдауы мен жағымды әсерлі сезімдерді тілейміз!