Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бірге жарқыраймыз! Павлодар– менің эко арман қалам!»
24-09-2018 19:32
«Бірге  жарқыраймыз! Павлодар– менің эко арман қалам!»

«Бірге жарқыраймыз! Павлодар– менің эко арман қалам!»


   21-22 қыргүйек аралығында «Бірге жарқыраймыз» республикалық акция аясында Павлодар қаласында Астана қаласының Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен «Павлодар! Бірге жарқыраймыз» экологиялық фестивалі өткізілді.
   Фестиваль бағдарламасына сәйкес Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төраға орынбасары Немцан Т.Н. Павлодар қаласының № 25 ЖОБМ негізінде білім беру ұйымдарының оқыту және тәрбие беру жүйесіне экология мәселелерін кіріктіру туралы сөз сөйледі, экологиялық білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының жұмысымен таныстырылды.
«Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК фестивалдің жұмысына белсене қатысты.
      21 қыргүйек күні Орталыққа экофестивалдің ұйымдастырушылары келіп, осы шара ауқымында Орталық басшысы Сейтқанов С.Б. қонақтарды Балалар-жасөспірімдер орталығының қызметімен жан-жақты таныстырды. Экологиялық мәдениетті өрістету мақсатында «Гүлдер» және «Жасмин» балалар бірлестіктерінің тәрбиеленушілері қонақтарға табиғи материалдардан жасалған шығармашылық бүйымдарын көрсетіп, Орталықтың табиғат қорғау шараларын өткізу жөніндегі «Жасыл қала– жасыл ел» бейіне презентациясын ұсынды.
Қонақтар үшін экологиялық-ботаникалық кешені аумағы, жылыжай мен «Жас эколог» мұражайында экскурсия өткізілді.
    22 қыргүйек күні экологиялық фестивалі көлемінде аясында Орталық тәрбиеленушілері оқушылардың таңдаулы экожобалары жәрмеңкесіне қатысып, алғыс хаттарымен мараптталды.