Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Табиғатты аяла - 2018»
24-09-2018 19:34
«Табиғатты аяла - 2018»

«Табиғатты аяла - 2018»


   2018 жылғы 21-22 қыргүйек аралығында Ақтау қаласында жас өлкетанушылардың, экологтар мен табиғат зерттеушілердің республикалық «Табиғатты аяла» республикалық форумы өтті. Форумға Павлодар облысы командасының құрамында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері, Павлодар қаласының № 25, 35, 42 жалпы орта білім беру мектептері және Ақсу қаласының № 2, 8 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.
    Форум бағдарламасында «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта» номинациялары бойынша зерттеу жобалары қорғалды, «Экоәлем» бейнероликтердің тұсаукесер рәсімдері, «Мерейтойыңмен, Астана» фитодизайнерлер сайысы, «Табиғатты қорғау шеңбері» экологиялық квест ойыны өтті.
      Павлодар облысының командасы форумға белсене қатысып, облысымыздың жетістіктерін ойдағыдай көрсете білді. Команда жетістіктеріне тоқталатын болсақ - «Жасыл экономика» номинациясында № 35 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Қобланды Айдос «Жас натуралист» дипломын иеленіп, командалық есеп бойынша спорт шараларындағы жетістіктері үшін команда құрамы грамотамен марапатталды. Форумның соңында барлық қатысушыларға сертификат табыс етілді.
      Құттықтаймыз! Жеңісті күндерде жолыққанша!