Қуатты үнемдеу бойынша I -ші халықаралық форумына қатысу
2018 жылғы 21 қыргүйек күні «Павлодар - менің арман эко-қалам!» республикалық фестивалі көлемінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығына келіп, қызметімен танысу қорытындылары бойынша біздің орталығымыз 2018 жылғы 9 қараша күні Астана қаласында өткен қуатты үнемдеу бойынша I -ші халықаралық форумына қатысуға арнайы шақырылды.
Делегация құрамында орталық басшысы - С. Б. Сейтқанов, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары - Ж. Қ. Темірова, бөлім меңгерушілері - С. М. Боровикина, А. Р. Қапашев қатысып келді.
Форум бағдарламасының мазмұны пленарлық сөз сөйлеулері, панель сессиясы мен тақырыптық секциялардың жұмысын қамтыды. «Қазақстанда қуатты үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру бойынша жүргізілетін саясаты туралы», «Қуатты үнемдеуді алға ілгерілеу мәселелерін ҚР Үкіметінің қолдауы туралы», «Қуат тиімділігін сандандыру», «ЭСКО контрактарын дамыту мәселелері», «Қуат тиімділігін арттыруда бизнестің атқаратын рөлі», «Қуатты үнемдеуді насихаттау», «Қуат тиімділігі төмен көміртекті қалаларды салудың шарты ретінде», «Қуат тиімділігінің стандарттары, сертификаттау және таңбалау», «Бірге жарығырақ! Қоғамның экологиялық және қуатты үнемдеу мәдениетін қалыптастыру» сұрақтары қарастырылды.
Сонымен қатар, «Қуатты үнемдеу таңбасы» және «Қуатты үнемдеу балалар көзімен» байқаулары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.
Форумның жұмысы нұсқаулардың әзірленуі және «Қуатты үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңшығарушылық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды еңгізу туралы» ҚР Заңы жобасы Тұжырымдамаларының презентациясымен тәмамдалды.