«Менің Отаным - Қазақстан»
оқушылардың XVІІІ -ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
«Біз және экология» секция жұмысының қорытындылары
2018 жылғы 26 қараша күні «Менің Отаным - Қазақстан» оқушылардың XVІІІ -ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы көлемінде «Біз және экология» секциясының жұмысы өз жұмысын атқарды.
Секцияға Павлодар, Ақсу қалалары, Железин және Шарбақты аудандары жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелері 2-11 сыныптарының 33 оқушылары қатысты.
Секция жұмысы барысында аймақтық экологиялық мәселелердің шешілуіне қосылған тәжірибелік үлесін бейнелейтін жұмыстар (жанасқан аумақтарды көгалдандыру және жақсарту бойынша жұмыс тәжірибесінен баяндамалар, мектеп орманшылықтары, экологиялық жасақтарының жұмысы, табиғатты қорғау, экология, фенология, СӨС салаларындағы зерттеулер) тыңдалып қаралды.
Секция қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділ қазылар алқасы бағалады: А. М. Утилова - ИнЕУ Химиялық және биологиялық технологиялары Департаментінің аға оқытушысы, Б. Қ. Текенова - «Экология» бөлімінің меңгерушісі, Т. А. Әубашев, Ә. А. Бакенов – «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлері.
Павлодар қаласының № 1, 13, 17, 18, 25, 26, 27, 29, 32, 33, 38, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептері, Ақсу қаласының № 1 ЖОБМ, «Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығы» МҚКК, Спутник стансасының негізгі мектебі, Железин ауданы № 3 Железин ЖОБМ, Шарбақты ауданының Шалдай ЖОБМ оқушылары белсене қатысты.
Секция қорытындылары бойынша жүлдегерлер 1, 2, 3 орындар үшін грамоталары, жетекшілері - конференция жүлдегерлерінің дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды.
«Біз және экология» секциясында І орынды «Биоробот» жобасы үшін «Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығы» МҚКК тәрбиеленушісі Кирилл Киулин иеленді, ІІ орынды «Укрепление почв золоотвала» жұмысымен «Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығы» МҚКК тәрбиеленушісі Лина Дюсекина, «Влияние минерального удобрения гумат на саженцы крыжовника» жобасы үшін Спутник стансасы негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы Есенжол Динара, «Сок деревьев – это их слезы?» жұмысымен № 29 ЖОБМ 3 сынып оқушысы Анастасия Кочанова иеленді, ІІІ орынды «Изготовление мыла в домашних условиях» жобасы үшін Спутник стансасы негізгі мектебінің 5 сынып оқушысы Азиза Ибраева, «Большой вред от маленькой батарейки» жұмысымен № 17 ЖОБМ 5 сынып оқушысы Тимур Черва, «Качество питьевой воды и ее влияние на здоровье жителей поселка Ленинский» жобасы үшін № 32 НМ 6 сынып оқушысы Владислав Бабайлов, «ЭКО-дизайн (вторая жизнь полиэтиленового пакета)» жұмысымен № 40 ЖОБМ 5 сынып оқушысы Альмира Токтарбекова, «Солнечный параболический концентратор» жобасы үшін № 40 ЖОБМ 9 сынып оқушысы Яков Теребецкий иеленді.