Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Туған өлкенің білімпаздары
05-12-2018 12:08
Туған өлкенің білімпаздары

 Туған өлкенің білімпаздары

    2018 жылғы 30 қарашада Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» ХVІІІ аймақтық оқушылар ғылыми тәжірибелік конференциясының 5-күндік жұмысы тәмамдалды. Осы шара «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ бірлесе ұйымдастырылып өткізілді.
Конференция жұмысына Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Железин, Шарбақты, Ақтоғай аудандарының жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелері 2 - 11 сыныптарының 155 оқушылары қатысты.
    Жобаларды қорғау 5 бағыт бойынша өтті: «Біз және экология», «Зерттеу жұмысы», «Өз өлкеңді танып біл», «Тарих бесігі - мұражай», «Ғылымға бастапқы қадам».
     Әділ қазылар алқасының құрамында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлері, «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университеті, Инновациялық Еуразиялық университетінің оқытушылары, Бұқар жырау атындағы облыстық өнер және әдебиет музейінің ғылыми қызметкерлері өз жұмысын атқарды.
        Павлодар қаласының № 1, 2, 6, 9, 1, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 33, 38, 39, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептері, Ақсу қаласының №1 ЖОМ, Екібастұз қаласының № 11 ЖОМ, Спутник стансасының НМ, Үштерек ЖОМ, Шалдай ЖОМ, Маралды ЖОМ, Агрономия НОМ, № 3 Железин ЖОМ, Сарықамыс ЖОМ оқушылары, Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты, Ақсу қаласының Балалар эко-техноорталығы, Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешені және Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері конференцияға белсене қатысты.
      Конференция жүлдегерлері - грамоталар, барлық қатысушылар - аталымдар бойынша грамоталармен, жетекшілері - конференция қатысушыларының дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды. Бірінші орындарды иеленген жұмыстар «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының Республикалық слеті және «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумының аудандық (қалалық), облыстық сатыларына қатысуға ұсынылды.