Табиғат жас қорғаушылары
9 сәуір күні Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының саябағында жыл сайынғы «Қанатты достар» акциясы өткізілді. Оның ұйымдастырушылары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, «Қазақстан алюминиі» АҚ болды. Акцияны өткізу мақсаты – оқушыларды құстарды қорғау және қамқорлық жасау бойынша, біздің өңірде мекендейтін, табиғатты қорғау қызметіне қатыстыру болды.
Үйшіктерді ілу бойынша қалалық акцияға «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК балалар бірлестіктері мен аймақтың білім беру ұйымдарының 240-н астам оқушылары (№ 32, 7, 29, 12, 14, 37, 9, 34, 4, ЖОМ, №20 лицей-мектебі, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ, облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты, № 4 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты) қатысты. Акция қатысушылары орталық және «Қазақстан алюминиі» АҚ-ң грамоталары және жүлделерімен марапатталды.