Республикалық біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады
Республикалық біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады
2019 жылғы 13 мамыр күні Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Балаларға қосымша білім берудің туристік-өлкетану бағыты бойынша инновациялық педагогикалық технологиялар» тақырыбында республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы біліктілігін арттыру курсының 50 тыңдаушыларын қарсы алды.
Сабақ кестесіне сәйкес оқу, тәжірибе сабақтары жүргізіліп, тыңдаушылар үшін Орталығымыздың экологиялық-ботаникалық кешені, жылыжайы, «Жас эколог» музейі бойынша шолу экскурсиялары өткізілді.
БЖЭТО қызметінің бағыттары бойынша медиаматериалдары ұсынылып, қатысушылар үшін оқу-әдістемелік өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.