Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумының облыстық кезеңі
23-05-2019 16:28
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумының облыстық кезеңі

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде Республикалық форумның облыстық кезеңі өтті. Форумға Ақсу, Павлодар қалалары мен Ертіс ауданының жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.

Форум бағдарламасы қанық болды. Іс-шаралар бірнеше бағыт бойынша өткізілді: зерттеу жобалары мен бейнероликтерді қорғау, эко-дизайнерлер байқауы және экологиялық квест.

«Жасыл экономика» номинациясында «Ақылды жылыжай» жобасы үшін №4 Ертіс ЖОББМ оқушысы Мамжанов Ринат жеңіске жетті, «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясында «Үштерек ауылының үй жануарларының тоғышар құрттары» жобасы үшін «Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығы» МҚКК тәрбиеленушісі Саруарова Асыл жеңімпаз атанды. «Туған өлкемді зерттейміз» номинациясы бойынша «Менің сүйікті қалам Ақсу» жобасы үшін «Ақсу қаласының балалар эко-техноорталығы» МҚКК тәрбиеленушісі Дюсенова Динара 3 орын иеленді, «Эко әлем» номинациясы бойынша №4 Ертіс ЖОББМ оқушысы Айсабекова Зияда 1 орын иеленді.

«Жасыл оазистер» экодизайнерлер номинациясы жеңімпаздары Павлодар қаласының «Жасыл ғаламшар» құрама командасы.   Команда құрамында Базарбаева Дильназ, Есенгелді Әйгерім, Рамазанова Анеля қатысты.

Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері»номинациясында «Жасыл ғаламшар» командасы жеңіске жетті.

Жалпы командалық бірінші орынды Павлодар қаласының «Жасыл ғаламшар» құрама командасы иеленді.

Жеңімпаздар республикалық форумның облыстық кезеңінің дипломдарымен марапатталды. Жетекшілер алғыс хатпен марапатталды.