Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Көшбасшы турист, эколог, өлкетанушы» жазғы көшпелі лагері
26-07-2019 16:25
«Көшбасшы турист, эколог, өлкетанушы» жазғы көшпелі лагері

«Көшбасшы турист, эколог, өлкетанушы»

жазғы көшпелі лагері

   Бес жыл барысында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтырылуы мен қамтылуын қамтамасыз етуі үшін тиімді жағдайлар жасау мақсатында БЖЭТО балалар бірлестіктерінің 110 оқушыларына арналған «Көшбасшы турист, эколог, өлкетанушы» лагерінің жұмысы ұйымдастырылып өткізіледі. Осы лагерді өткізудің міндеттері: білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарына сәйкес тұрақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру, экологиялық және туристік-өлкетану қызметінің құралдары арқылы көшбасшылық қасиеттері мен әлеуметтік белсенділігін дамыту, экологиялық және туристік-өлкетану іс-шараларын ұйымдастырып өткізу, салауатты өмір салты құлықдағдысын дамыту болды.

   Лагер ұйымдастырушылары «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ, «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК болды. Лагер жұмысын ұйымдастыру мақсатында қаржы қорлары жергілікті бюджеттен бөлінді.

    Лагер бағдарламасының мазмұны келесі іс-шаралардың өткізілуін қамтыды:

   «Экология» бағытында: «Таза үй-таза ғаламшар» экологиялық акциясы, «Көшбасшы - 2019» квест ойыны;

   «Туризм» бағытында: «Жылдамырақ. Биігірек. Күштірек» шағын Олимпия ойындары, бард әнінің кеші, тау туризмі техникасы бойынша шеберлік сыныптары мен машықтану тәжірибелері, 15 шақырым ұзындығымен «Аңыздар жолымен» біркүндік жорығы;

   «Өлкетану» бағытында: «Мыстандар шатқалы», «Жартас суреттерінің құпиялары», «Қоңыр Әулие» экскурсиялары мен тарамдалған шығулар, «Карта нүктесі - Павлодар облысы» зияткерлік-танымдық ойыны, «Жасақ жылнамасын» қорғау;

   «Көшбасшылар мектебі» бағытында «Z ұрпағы» флэшмобы, интерактивті тренингтер мен ойындар.

     Лагер жұмысының бағдарламасы әрбір қатысушының дербес тұлғалық әлеуетін көрсетіп, өздік дарындылығы мен ұйымдастырушылық қабілеттері және күнделікті тіршіліктегі сұрақтарды шешуде белсенділігі мен жауапкершілігін дамытуға мүмкіндік берді.

    Орталықтың тәрбиеленушілері, ата-аналары, басшылығы «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ - не лагер жұмысын ұйымдастырғаны үшін ерекше алғысын білдіреді.