«Бірлік аралы» демалыс күн лагері
Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 26-27 қазан күні аралығында Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы негізінде «Бірлік аралы» демалыс күн лагері өтті.
Лагерь жұмысына «Шаңырақ» балалар жастар орталығы» ЖҚБ 15 адам құрамында қамтылды.
Лагерь бағдарламасы келесі іс-шаралар бойынша өткізілді:
Жылыжай, экология-ботаникалық кешен, «Жас эколог» мұражайы, «Тезірек. Жоғары. Күштірек» атты кіші олимпиада ойындары, бард әнінің кеші, туристік-жаттығу жолындағы шеберлік-сынып, «Жасыл ғаламшар» экоквест ойыны. Әр бір адам демалыс күндерін қызықты, әрі танымды өткізгендері үшін жылы сөздермен толықтырды.