Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаным - Қазақстан» ХIХ - шы аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Зерттеу жұмысы» секция жұмысының қорытындылары
26-11-2019 17:45
«Менің Отаным - Қазақстан» ХIХ - шы аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Зерттеу жұмысы» секция жұмысының қорытындылары

                «Менің Отаным - Қазақстан»

                XIХ - шы аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік

конференциясы  «Зерттеу жұмысы»   секция жұмысының

қорытындылары

 

           2019 жылғы 26 қараша күні «Менің Отаным - Қазақстан» XIХ - шы аймақтық оқушылар ғылыми тәжірибелік конференциясы көлемінде «Зерттеу жұмысы» секциясы өз жұмысын атқарды.

             Секцияға Павлодар облысы, Павлодар қаласы білім беру ұйымдары 2 - 11 сыныптарының 42 оқушылары қатысты.  

     Секция жұмысы барысында бақылаулар, тәжірибелер мен зерттеулердің нәтижелерін қамтитын жұмыстар тыңдалды.

     Конференция қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділ қазылар алқасы бағалады - А. М. Утилова - ИнЕУ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының аға оқытушысы, М. В. Подолец - М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері, З. Е. Сарбасова - БЖЭТО әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

     Павлодар қаласының № 7, 9, 17, 20, 21, 27, 28, 30, 34, 35, 39, 40, 41, Ақсу ауданы Үштерек ЖОМ, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушылары белсене қатысты.

   Секция қорытындылары бойынша конференция қатысушылары - грамоталармен, ғылыми жетекшілері - алғыс хаттарымен марапатталды. 

  «Зерттеу жұмысы» секциясында І орынды «Выращивание огурцов в тепличных условиях» жобасы үшін № 17 ЖОМ 2 сынып оқушысы Мурат Айхан, «Датчик уровня воды» жұмысы үшін № 17 ЖОМ 2 сынып оқушысы Паршуков Рафаил, «Робототехника: удивительный мир науки и техники» жобасы үшін № 39 ЖОМ 5 сынып оқушысы Арын Нуралы, «Оптические иллюзии» жұмысы үшін  № 9 ГМ 5 сынп оқушысы Плескач Матвей, «Выращивание чуфы на пришкольном участке» жобасы үшін № 34  ЖОМ 11 сынып оқушысы Воробьева Вероника-Николь иеленді, ІІ орынды «Фабрика растений» жұмысы үшін № 39 ЖОМ 4 сынып оқушысы Хлущевская Божена, «Белое золото Павлодарской области» жобасы үшін  № 27 ЖОМ 2 сынып оқушысы Велина Дарья, «Наизнанку: детские зубные пасты» жұмысы үшін  № 39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Ильенко Виктория, «Традиции детей казахского и азербайджанского народов» жобасы үшін № 28 ЖОМ 7 сынып оқушысы Гумбатова Айтадж, «Определение качества меда в школьной лаборатории» жұмысы үшін № 34 ЖОМ 5 сынып оқушысы Надирова Амина, «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті» жобасы үшін Ақсу ауданы Үштерек ЖОМ 7 сынып оқушысы Калихан Айнұр, «Тоқу арқылы баланың психомоторикалық қабілеттерін дамыту» жұмысы үшін № 7 ЖОМ 9 сынып оқушысы  Жупьянова Диана, «Цифровой Казахстан: важная роль инновационных технологий» жобасы үшін  № 20 ЛМ 11 сынып оқушысы Олжабаева Анель иеленді, ІІІ орынды «Гаджеты в жизни детей» жұмысы үшін № 39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Бахтыбай Адель, «Мир вокруг нас под микроскопом» жобасы үшін № 39 ЖОМ 4 сынып оқушысы Панасенко Кира, «Итмұрынның пайдасы» жұмысы үшін Ақсу ауданы Үштерек ЖОМ 7 сынып оқушысы Уалиханқызы Гүлшах, «Мои улитки Ахатины» жобасы үшін № 30 ЖОМ 2 сынып оқушысы Какухина Карина, «Маралды көл аталуының топонимикалық негізі» жұмысы үшін № 30 ЖОМ 7 сынып оқушысы Жаналина Аяна, «Витамины в газировке» жобасы үшін № 17 9 сынып оқушылары Шестаков Дмитрий, Билик Светлана иеленді.