«Менің Отаным - Қазақстан»
XIХ - шы аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік
конференциясы
«Өз өлкеңді танып біл»
секция жұмысының қорытындылары
2019 жылғы 27 қараша күні «Менің Отаным - Қазақстан» XIХ - шы аймақтық оқушылар ғылыми тәжірибелік конференциясы көлемінде «Өз өлкеңді танып біл» секциясы өз жұмысын атқарды.
Секцияға Павлодар облысы, Павлодар қаласы білім беру ұйымдары 2 - 11 сыныптарының 24 оқушылары қатысты.
Секция жұмысы барысында туристік-өлкетану қызметін бейнелейтін жұмыстар (өлкетану, археопалеонтологиялық, этноэкспедициялары, туристік экскурсиялық маршруттары мен экологиялық соқпақтарды құрастыру) тыңдалды.
Конференция қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділ қазылар алқасы бағалады - А. C. Молдакимова – т.ғ.к., Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, Б. Ж. Елмұратова – т.ғ.к., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, З. Е. Сарбасова - БЖЭТО әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.
Павлодар қаласының К. Макпалеев атындағы, № 9, 14, 16, 20, 21, 28, 30, 31, 32, 39, 40, 41, Ақсу ауданы Еңбек Жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары белсене қатысты.
Секция қорытындылары бойынша конференция қатысушылары - грамоталармен, ғлыми жетекшілері - алғыс хаттарымен марапатталды.
«Өз өлкеңді танып біл» секциясында І орынды «Современные чудеса архитектуры» жобасы үшін № 39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Абайдуллина Милана, «Современный стиль казахской национальной одежды» жұмысымен № 9 МГ 6 сынып оқушысы Козлова Юлия, «Иртыш глазами исследователя» жобасы үшін № 14 ЖОМ 8 сынып оқушысы Богомолова Дарья иеленді, ІІ орынды «Стихоугощения от поэтов Павлодарского Прииртышья» жұмысы үшін № 40 ЖОМ 3 сынып оқушысы Карпунина Ильзира, «К. Макпалеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кампусы аймағында рекреациялық зона жасаудың мазмұны» жобасы үшін К. Макпалеев атындағы ЖОМ 5 сынып оқушысы Умирбекова Ақерке, «Музы казахской степи» жұмысымен № 40 ЖОМ 7 сынып оқушысы Мукашева Гульзат иеленді, ІІІ орынды «Записки юного путешественника» жобасы үшін № 16 ЛМ 3 сынып оқушысы Махмудов Айдын, «Издание газеты – актуально ли это сегодня?» жұмысы үшін № 39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Челакова София, «М. Алимбаев «Семь лучей жизни» жобасы үшін № 39 ЖОМ 5 сынып оқушысы Тузовская Варвара, «Демографический портрет школы» жұмысы үшін № 41 ЖОМ 7 сынып оқушысы Соколова Дарья, «История английского и казахского чая» жобасымен Ақсу ауданы Еңбек ЖОМ 10 сынып оқушысы Кабиден Аяулым иеленді.