Туған елім – туған жерім
2020 жылдың 6 қаңтарында «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МКҚК –да «Туған елім- туған жерім» квест-ойыны өтті.Оқушылар командалары әр түрлі кезеңдерден өтті, ескерткіштер, көне ғимараттарды тауып атады, дәрілік өсімдіктер атауларынан ребустар құрастырды, туристік рюкзактар жинап, жылдамдыққа, ептілікке жарысты. Бұл жерде жеңілгендер болмады, бұл іс-шарада барлығы жақсы болды.