«Туристік-өлкетану бағытында оқыту үдерісін ұйымдастыру»
республикалық вебинарының жұмысына қатысуы туралы
2020 жылғы 24 сәуір күні Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының басшылығы «Туристік-өлкетану бағытында оқыту үдерісін ұйымдастыру» республикалық онлайн-конференциясының жұмысына қатысты.
Вебинар жұмысы барысында туристік-өлкетану бағытындағы қосымша білім беру ұйымдарында оқыту үдерісін іске асыру мәселесі қарастырылды. Оқу-әдістемлік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары Ж. Қ. Темірова «Туризм» бағытында интернет-қорларын қолдануымен қоса тиімді оқу сабақтарын құрастыру бойынша Орталықтың жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Әріптестер қашықтан оқыту шартында білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен өзара бөлісті.