Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Республиканская августовская конференция 2020
10-08-2020 15:30
Республиканская августовская конференция 2020

    2020 жылғы 6 тамыз күні қосымша білім беру секциясында туристік өлкетану бағытындағы педагогтарға арналған вебинар өтті.

    Вебинар қатысушыларына «Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетанудағы медиа-жобалар» тақырыбы бойынша Павлодар қаласы БЖЭТО жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Педагогтар Интернет қорларын қолдану негізінде көкейкесті тақырыптары бойынша өз медиа-жобаларымен таныстырды.

    Жанна Қаиргелдіқызы Темірова, Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК оқу- әдістемелік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары, балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетанудағы медиа-жобалары туралы айтты.  Тыңдаушылардың назарын осындай жобаларды құрастырып әдеттегі тәртіпте немесе виртуалды тұрғыда өткізілуі қазақстандық қоғамына тән құндылықтар жүйесінің негізінде оқушыларды тәрбиелеу ісінде жағымды себептердің бірі екендігіне аудартты.

   Туристік-өлкетану маршруттарын құрастыру тұлға дамуының отансүйгіштік, рухани-адамгершілік негіздерінің қалыптасуына жағдай жасайды. «Туристік жорық жағымды өздігінен ұйымдастыру мектебі ретінде» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында балалармен экскурсиялар, экспедициялар, туристiк жорықтар ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi нұсқау, Іле Алатауы бойынша I-III күрделілік санаттарындағы туристік жорықтардың мысалында спорттық жорықтарды өткізу ережелері негізінде өз жұмыс тәжірибесімен Оксана Владимировна Дьяченко бөлісті.

     Вебинар бағдарламасында өзінің онжылдық тәжірибесімен «СЮТур» балалар аула клубы «Вертикаль» туристік клубының тәрбиеленушісі, санатты жорықтардың қатысушысы Мария Дьяченко бөлісті.

     «Ертіс өңірінің ежелгі сакралды нысандары»тақырыбында  өскелең ұрпақтың арасында тарихи мәдени мұра нысандарын іздеу, зерттеу және шығармашылық жұмысының кең таралуы Ирина Александровна Ефимовамен ашылып көрсетілді. Қала бойынша экскурсиялық маршруттарды құрастыру тәжірибесімен  «Жасмин» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі, жас экскурсия жүргізушісі Дильназ Базарбаева бөлісті.

    Осы жұмыс тәжірибесі қашықтан оқыту шартында әріптестердің қызмет бағыттары бойынша бағдарламалық материалды меңгертуді әрі қарай табысты іске асыруга мүмкіндік береді.