«Жасыл технологиялар» мектебі
Павлодар облысы білім беру басқармасының бастамасымен «Off-line Демалысы» мектеп жанындағы лагері облыстық қашықтық жобасы аясында Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы мектеп қатысушылары мен орталық тәрбиеленушілері үшін онлайн шеберлік- сыныптарын өткізді. Бұл жобаға 3500-ден астам мектеп оқушылары қатысты № 36, 43, 30, 23, 16, 35, 2, 33, 28, 18, 9, 39, 22, 29, 42, 41, ОСОШИ, № 4 ЖОББМ, № 2 Железин ЖОББМ, Потанин мектебі. Бейнероликтерді 2 000-нан астам қатысушы қарап танысты.
Жазғы демалыс кезеңінде оқушыларды іс-шараларға тарту әр іс-шара жан-жақты тәрбиелік сипатта, тәрбие тұжырымдамасының барлық аспектілері мен бағыттарын қозғайтындай ұйымдастырылған. Лагер жұмысында балалардың экологиялық тәрбиесіне көп көңіл бөлінді. Тәжірибелік энергия және ресурс үнемдеу, табиғатты сақтау дағдыларын қалыптастыру үшін әртүрлі шеберлік-сыныптары өткізілді.