DUCET LIFE HUB
Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «DUCET LIFE HUB» онлайн-жобасын іске асыру аясында түрлі іс-шаралар өткізілді: «Топиария жасау», «Гүл сөмке-құмыра», «Гүлдер туралы аңыздар мен қызықты деректер», «Энергия ресурстары мен суды үнемдеу», «Жапырақты шламмен толстянканы көбейту», «Гүлдерді күту ережелері», «Бөлме гүлдерін күту», «Ауа-райын фенологиялық әдісі бойынша бақылау және бақылау күнделігін жүргізу», «Ауа-райын болжау», «Гүл дақылдарының тұқымын жинау»; жылыжай бойынша виртуалды экскурсиялар: «Біздің айналамыздағы бөлме өсімдіктері», «Тікенек еліне саяхат», «Жас эколог мұражайы»; интелектуалды-танымдық іс-шаралар: «Ақылдылар сайысы», «Қазақ халқының ұлттық ойындары», «Қала көшерлерін бойлап...», «Біз Ұлы Абай туралы айтамыз» және тағы да көптеген танымдық және қызықты шаралар.
Онлайн-жобаға қала мектептерінің 4000-нан астам оқушылары мен экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Жалпы білім беретін мектептердің 3 000-нан астам оқушылары мен экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері танысып қарады. Іс-шаралар экологиялық мәдениетті, экологиялық, еңбек, рухани - адамгершілік, балаларға патриоттық тәрбие беру, тәжірибелік энергия және ресурстарды үнемдеу, табиғатты сақтау дағдыларын қалыптастыру үшін өткізілді. Балалар өз әсерлерімен табиғатта, саяжайда, аулаларда және үйде бөлісті.