«Менің Отаным-Қазақстан»туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слеті
Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану балаларға қосымша білім беруде - бұл тәрбиелеудің, оқытудың, сауықтырудың, кәсіптік бағдар берудің, білім алушыларды әлеуметтік бейімдеудің, салауатты өмір салтын бекітудің, үздіксіз білім берудің және балалар мен жасөспірімдер тұлғасын дамытудың тиімді құралы.
ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (РҚБОӘО) балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, экспедициялық отрядтардың туристік қызметін жандандыру мақсатында 2020 жылғы 28-29 қыркүйек күндері қашықтан үлгіде «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетін өткізді.
Слетке 170 қатысушы - туристік экспедициялық отрядтардың өңірлік Слеттерінің жеңімпаздары қатысты.
Слет бағдарламасында: туристік экспедиция маршруттарының тұсаукесері, «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхаты, өлкетану зерттеу жобаларын, экологиялық экспедицияларды қорғау, бард әндерінің сайысы, жорықта «Зардап шеккендерге» дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын көрсету ұсынылды. Павлодар облысының намысын Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының командасы – «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық туристік экспедициялық жасақтар слетінің облыстық кезеңінің жеңімпазы қорғады.
«Туған өлке соқпақтары» аталымында орталығымыздың командасының қатысушысы Докучаева Василина қазылар алқасына Солтүстік Тянь-Шаньның Іле Алатауы ауданында өткен жорық туралы маршрутты ұсынып, жүлделі 2 орынға ие болды. Ал «Туризм білгірлері» аталымында орталықтың тәрбиеленушісі Муравкина Дарья туристік тораптарды тоқуды орындауда өз шеберлігін көрсетті және құрметті 3 орынға ие болды!
Слет қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтарға ие болды, жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттар, барлық қатысушылар – сертификаттар алды.
Балалар мен басшыларды жақсы нәтижелермен құттықтаймыз!