Павлодар қаласы Балалар музыкалық мектебініңқұрылымдық бөлімшесінде 2020жылғы11желтоқсанда мектеп жобасы бойынша «Табыс формуласы», «Рухани Жаңғыру» бағдарламасыныңаясында «Еңбек-елдің мұраты» арнайы жобасыбойынша онлайн режимде танымал отбасылық дуэт Михаил мен Зулейха Сербиндермен шығармашылық кездесу өтті.
Михаил Михайлович Сербин-композитор, ақын, халықаралық мойындауға ие бард. Жұбайы Зулейхамен бірге 45 жылдан астам өз өлеңдері мен әндерін орындап келеді. Ол мыңнан астам шығармалар: өлеңдер, сонет гүл шоқтары, триолеттер, рондо, рондели, акростичи. Сонымен қатарекі жүзден астам ән жазды.
Онлайн режимде кездесуге оқушылар қатысты, педагогтар мен оқушылардың ата-аналары, барлығы 90-ға жуық адам қатысты. Михаил Сербин жұбайымен бірге түрлі тақырыптарда авторлық өлеңдер мен әндер орындады, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Көрермендерді Михаил Сербиннің «Воплощение», «Откровение», «Отражение»туынды жинақтарымен таныстырды.
Балалар үлкен қызығушылық танытты. Келесі сұрақтарды қойды: «Сіз үшін - отбасы деген не?», «Сіз қандай тақырыптар бойынша өлеңдер мен әндер жазасыз?», "Сізде балалар әндері бар ма?», «Өлең жазуға қанша уақыт кетеді?». «Пусть говорят», «Свет любви», «Про ежат», «Память», «Наворожи», «За мечтой»әндері орындалды.
Шығармашылық кездесу достық жағдайда өтті, ол туған қаласы туралы «Менің Павлодарым» деп аталатын әнмен аяқталды.