Телефон доверия
8(7182)300762
email: dms1k@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ. Мәшһур Жүсіп, к-сі 33
8(7182)300764, 300762, 300761
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жас музыканттардың облыстық фестиваль-конкурсы
10-03-2021 16:54
Жас музыканттардың облыстық фестиваль-конкурсы

2021 жылғы 1-наурыздан 6-наурыз аралығында қашықтық форматта балалар музыка және өнер мектептері оқушыларының 54-ші облыстық жас музыканттар фестиваль-конкурсы өтті.

Мақсаты: музыкалық дарынды балалар ұжымдары мен оқушыларын дамыту және қолдау, олардың кәсіби бағдарын, шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Облыстықфестиваль-конкурсқа Павлодар қ., Екібастұз қ., Ертіс, Шарбақты, Тереңкөл аудандарының ішекті-қылды, үрмелі және соқпалы аспаптар кластары бойынша музыка және өнер мектептерінің оқушылары қатысты.

Фестиваль-конкурсқа барлығы 103 бала, оның ішінде  жеке орындаушы -25(үлкен жастық топ 14 қатысушы, орта – 9, кіші – 2), сонымен қатар 9 ансамбль ұжымықатысты.

Білікті әділ қазылар қатысушылардың өнерлерін бағалау кезінде  орындалған бағдарламаның конкурс талабына сәйкестігін, көркем орындау деңгейін, техникалық шеберлігін, бейнелілігі мен тазалығын, эмоциялығы мен мәнерлілігін ескерді.

Конкурс жеңімпаздары 22жеке орындаушы (1-орын -7, 2-орын – 6, 3-орын -9) мен 7 ансамбль (бас жүлде -2, 1-орын -1, 2-орын -2, 3-орын -3)  болды.

Үлкен жастағы топта 1-орынды Павлодар қ. БММ-нің оқушылары Франц Гизбрехт (виолончель), педагогы Галина Алексеевна Иванкова; Алиса Костенко (скрипка), педагогы Татьяна Борисовна Трофименко; Артём Борисов (кларнет), педагогы Олег Леонтьевич Гонтовой иеленді.

Орта жастағы топта 1-орынды Павлодар қ. БММ-нің оқушысы Рахат Курбан (кларнет) алды, педагогы Олег Леонтьевич Гонтовой.

Ансамбль ұжымдары арасында конкурстың ең жоғарғы марапатын Бас жүлдені Павлодар қ. БММ-нің саксафоншылар ансамблі «Sax music» (жетекшісі Минаева О.О., концертмейстер Семикин В.А.) иеленді. Құрметті 1-орынды Павлодар қ. БММ-нің виолончелшілер ансамблі (жетекшісі Иванкова Г.А., концертмейстер Костенко Л.В.) иеленді.