Игі істер күні
18-наурыз - Игі істер күні. Бұл күні әр адам мүмкіндігінше тым болмаса бір игі іс жасауы тиіс. Балалар музыка мектебінде Игі істер аптасы жарияланды. Осы уақыт аралығында балалар көптеген пайдалы әрі игі істер жасады. Адамның мейірімділігі, басқалар үшін күйініп, қуана білу олардың өміріндегі басты қасиеттеріне айналатынына сенеміз.