16-наурызата-бабаларымызды еске алу,бата берукүні (Шежіре күні). Бұл күні мал сойылып, шелпек пісіріледі, қайтқан ата-бабаларымызға құран бағышталады. Туыстар, көршілер жуырда жақын адамынан айырылған отбасыға кіріп көңіл білдіреді. Аға буын кіші буынға мейірімді істер, өз ата-бабаларының, туыстарының өмірлеріндегі қызықты сәттерді баяндайды. Сонымен қатар осы күні отбасы, жеті атасы,халықтарихытуралы айтылады.
Павлодар қаласы Кенжекөл ауылы құрылымдық бөлімшесінің балалар музыка мектебінің атынан Шежіре жайлы рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырту тұсында, еліміздің тарихын терең білуге, жас ұрпақтың санасы мен рухани мәдениетінің жоғарлауына ықпалын тигізе отырып. Қазақ салт-дәстүрін дәріптеп бата тілеп Шежіре күніне арналған «Тұсау кесу» рәсімі көрсетілді!
Шежіре күні